Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшының орынбасары, С-О-2 санаты (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, 03.04.2027 ж. дейін).
Ақмола облысы
505597
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
Функционалды міндеттер
Қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын бұзушылықтардың мемлекеттiк статистикалық есептiлiгiнің жүргізілуін ұйымдастыру; теміржол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; кеме жүзетін су жолдарын және навигациялық жабдық құралдарын тиісті күтіп ұстауға бақылауды қамтамасыз ету; автомобиль жолдарының сақталуын, ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердің, сондай-ақ қауіпті жүктердің автомобиль тасымалдарын жүзеге асырудың белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; отандық және шетел автокөлік құралдарының жүріп өтуін, көліктік бақылау бекеттерінде халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; көліктік бақылау бекеттеріндегі таразы жабдықтары мен техникалық құралдарының жұмыс жағдайын қамтамасыз ету; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу және ұйымдастыру тәртібін бақылауды қамтамасыз ету; тәуекелдерді басқару жүйесін қолданып, автокөліктегі шаруашылық субъектілердің тексерістерін ұйымдастыру және бақылау; мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша профилактикалық және алдын алу шараларын қабылдау; қоғам және халықпен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйесінің жұмыс істеу мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-59