Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті екіжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы, C-3 санаты (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, 03.04.2027 ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
Астана қаласы
505597
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Лингвистика
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыретіне кіретін бағдарламалар, іс-шаралар жоспарлары мен басқа құжаттарды әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады. Шет мемлекеттермен екі жақты және екіжақты сыртқы экономикалық байланыстардың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізуді және одан әрі дамыту туралы ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді. Министрліктің басшылығының (Министрдің, Аппарат басшысының, вице-министрлердің) қатысуымен өтетін және екіжақты халықаралық іс-шараларға анықтамалық ақпараттық материалдарды сапалы және уақтылы дайындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Қазақстан тарапының бөлігі бойынша жүргізу Министрлікке бекітілген үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына анықтамалық-ақпараттық материалдарды сапалы және уақытылы дайындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Министрліктің басшылығының (Министрдің, аппарат басшысының, вице-министрлердің) қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушылық-хаттамалық қамтамасыз ету бойынша шараларды сапалы және уақытылы қабылдайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптарын сақтайды. Жоғары мемлекеттік органдардың барлық ұзақ мерзімді тапсырмалары бойынша жинақтаушы папкасын жүргізу бойынша (барлық жазбаларды қоса алғанда: тапсырмалар, қос орындаушылардың хаттары, жауаптары, слайдтар және т.б. материалдар) институционалдық жадыны сақтау және үздіксіз жұмыс үшін қамтамасыз етеді.Жұмыстан шыққан кезде жинақтаушы папканы алу-беру актісі бойынша келесі алмастырушы қызметкерге береді. Министрліктің халықаралық ынтымақтастық департаментіне кездесу өткізілген күннен бастап немесе жұмысқа шығу күнінен екі жұмыс күн ішінде кешіктірілмей халықаралық серіктестіктің қорытындысы бойынша (іссапарлар, кездесулер, жиналыстар, шетелдік серіктестіктермен әңгімелер) Қазақстан Республикасы Көлік Министрінің шешімімен бекітілген өткізілген іс-шаралар бойынша қысқаша есепті құрайтын ақпараттарды ұсыну қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №776дсп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықтың 49-тармағына сәйкес мемлекеттік құпиялармен жұмыстарды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін міндеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-59