Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің Су көлігі басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 20.08.2028 ж. дейін)
Астана қаласы
323914
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Теңіз техникасы мен технологиялар
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
- Кеме жүргізу
Функционалды міндеттер
Теңіз көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық базасын кеңейту және Қазақстан Республикасының заңнамасына халықаралық конвенциялардың ережелерін енгізу бойынша жұмыс жүргізу; су көлігі мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту; ту мен порт және жағалаудағы мемлекеті ретінде Қазақстан Республикасының өз құқықтары мен міндеттерін іске асыру және орындауын қамтамасыз ету мәселелері бойынша шетелдік сыныптау қоғамдарымен өзара іс-қимыл жасайды; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кіру мүмкіндігінің шарттарын әзірлеу; ұлттық сыныптау қоғамын дамыту бойынша жұмыс жүргізу; рұқсат беру функцияларын іске асыруды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету; сауда флотын, кеме жасау және кеме жөндеу өндірісі; Каспий теңізінің қазақстандық секторында іздеу және құтқару жүйесін дамыту; іске асыру функцияларын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Порттарының теңіз әкімшілігінің қызметіне мониторинг жүргізу және үйлестіру; теңізшілерді даярлау және оларды дипломдау, теңізшілерге құжаттар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172)98-34-27