Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жергілікті желіні дамыту басқармасының басшысы, C-3 санаты (1 бірлік).
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
Астана қаласы
505597
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Геодезия және картография
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Қаржы
- Көпірлер мен көлік тоннельдері
- Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу
- Көпірлер мен тоннельдер
Функционалды міндеттер
Жоспарлы кезеңге нысаналы трансферттердің тізімін құруды, республикалық бюджетті нақтылауды, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қаржыны қайта үлестіру мәселелерін пысықтауды үйлестіреді. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді. Автомобиль жолдарының техникалық деңгейінің сақталуын және оны арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады. Стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасының орталық органдарымен өзара әрекетті қамтамасыз етеді. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін және желісін құру бойынша жиынтық мәліметтерді өндеу жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіреді. Жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атауын және индекстерін келіседі. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін келіседі. Облыстық және аудандық автожолдарға ведомстволық қорытындылардың берілуін бақылайды. Автомобиль жолдарының жергілікті желісін дамыту мәселелері жөнінде мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет етуді үйлестіреді. Уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну үшін есептік мәліметтерді дайындау жұмыстарын қамтамасыз етеді. Облыстардың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының аумақтарды дамыту бағдарламасына ұсыныстар енгізуді және қарауды үйлестіреді. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бөлігіндегі автожол саласы бойынша Мемлекеттік бағдарламаның тармақтарын орындау жұмыстарын ұйымдастырады. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жұмыстарды орындауға талдау жүргізуді үйлестіреді. Облыстық және аудандық автожолдар бойынша ақпараттар, мәліметтер, слайдтар дайындалу жұмыстарын ұйымдастырады
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-59