Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Қаржы және корпоративтік даму басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

323914

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «Активтерді, оның ішінде үйжайлар мен автомобильдерді түгендеу» электрондық есебін жасау және ұсыну. Мүлік мәселелері бойынша бағынысты ұйымдармен жұмыс. Комитеттің қаржылық және бюджеттік есебін қалыптастыруға қатысу. Бухгалтерлік есеп, қаржы және экономика мәселелері бойынша кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен хат алмасу. Басқарма құзыреті шегінде Комитет қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Комитеттің қарамағындағы жетекшілік ететін ұйымдар бойынша даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерді, жылдық қаржылық есептілікті қарау, келісу және олар бойынша қорытындылар дайындау. Басшылықтың тапсырмасы бойынша Комитет құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде Комитет атынан мемлекеттік органдарда өкілдік етеді, мемлекеттік органдар, халықаралық және өзге де ұйымдар өткізетін кеңестерге, отырыстарға, семинарларға, конференцияларға қатысады. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жылдық қаржылық есептілікті бекіту, таза табысты бөлу және ведомстволық бағынысты ұйымдардың дивидендтерді уақтылы аударуы бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат беру. Директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібіне шығарылатын мәселелерді қарау және олар бойынша қорытындылар дайындау. Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, тарату, қайта ұйымдастыру немесе олардың құқықтық мәртебесін өзге де өзгерту мәселелерін басқа бөлімшелер мен Комитеттің бастамасымен қарауға қатысу. Жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларын орындалуына мониторинг жүргізу. Комитеттің акционерлік қоғамының жыл сайынғы қаржылық есептерін бекіту және дивидендтер төлеу туралы Жалғыз акционердің шешімін дайындауға қатысу. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарына консультациялық және әдіснамалық көмекті жүзеге асыру. Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысу және Басқарманың құзыреті шеңберінде олардың орындалуын қамтамасыз ету. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының таза табыс пен дивидендтердің бір бөлігін республикалық бюджетке уақтылы аудару мониторингін жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жалғыз акционердің (қатысушының) құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарауға қатысу, шешімдерді қабылдау. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының корпоративтік басқару қағидаттарын сақтауына мониторингті жүзеге асыру. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу. Қажет болған жағдайларда Комитеттің, жоғары тұрған органдардың басшылығы үшін Басқарманың құзыреті бойынша ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдар дайындайды. Мемлекеттік кәсіпорын басшысын конкурс және аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру. Ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің нәтижелерін тыңдауды ұйымдастыру. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.09.2025 – 22.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-59