Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Авиакомпаниялар қызметі және әуе кеңістігін пайдалану басқармасының бас сарапшысы,(1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

323914

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Метеорология
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Көлік құрылысы
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар
  • Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану
  • Гидрометерология
  • Әуе көлігін пайдалану
  • Авиациялық аспаптар және өлшеу-есептеу кешендері

Функционалды міндеттер

Азаматтық авиация салаларын реттеу бойынша, сондай-ақ сондай-ақ ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бақылау; аэронавигациялық ақпаратпен, аэронавигациялық карталармен және рәсімдердің дизайнымен қамтамасыз ету саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бақылау; ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету саласында нормативтікқұқықтық актілерді әзірлеу және бақылау; ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласында нормативтік -құқықтық актілерді әзірлеу және бақылау; нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; Ұшуға жарамдылығы, ұшуды пайдалану және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтар бойынша әкімшілік өндіріс материалдарын қарау; ИКАО, МАК, EASA және басқа да халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; ынтымақтастық және үйлестіру бойынша ақпараттық материалдармен құжаттамаларды талдау және дайындау,азаматтық авиация ұйымдары мен субъектілерімен өзара ісқимыл жасау; аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарға (әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету, аэронавигациялық ақпаратпен аэронавигациялық карталармен қамтамасыз ету, рәсімдер дизайны, ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету) және Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдарға бақылауды жүзеге асыру; аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы ұлттық нормативтік-құқықтық актілердің Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасынан айырмашылықтарын анықтау және жариялау; Басқарманың құзыреті бойынша азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқаруды іске асыру болып табылады (оның ішінде ИКАО халықаралық стандарттарымен нормативтік-құқықтық актілерді тұрақты өзектендіру бойынша).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.09.2025 – 12.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-59