Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті Мемлекеттік сатып алу және Министрліктің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне), 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

279237

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы
  • Қаржы және кредит
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтайды. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған жағдайда өзiнiң тiкелей басшысына немесе мемлекеттiк органның басшылығына бұл туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн сақтайды. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтарын, өкiмдерiн, тапсырмаларын, жоспарлы және бір реттік тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды. Министрлік әкімшісі болатын бюджеттік бағдарламалар бойынша тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді (тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспары) мемлекеттік сатып алу  бойынша  жылдық жоспарды бекітуге әзірлеу, сондай-ақ жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қалыптастырады.; ҚР қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасымен қарастырылған тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды өткізуді жүзеге асырады. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың қолданыстағы қағидаларында көзделген арнайы тәртіпті қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізуді жүзеге асырады. Конкурстық комиссия мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсіліне сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды жүргізуді қамтамасыз етеді. Басшылықтың бекітуіне конкурстық құжаттаманы дайындауды жүзеге асырады. Мерзімінде уәкілетті органға жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтерді ұсынады. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. Министрліктің мұрағатына тапсыру үшін құжаттарды қалыптастыруға қатысады. Мемлекеттiк сатып алу мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалармен, мемлекеттік органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен  хат алмасуды жүргізеді. Жоғары мемлекеттік органдардың барлық ұзақ мерзімді тапсырмалары бойынша жинақтаушы папкасын жүргізу бойынша (барлық жазбаларды қоса алғанда: тапсырмалар, қос орындаушылардың хаттары, жауаптары, слайдтар және т.б. материалдар) институционалдық жадыны сақтау және үздіксіз жұмыс үшін қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Құжатайналым департаментіне алу-беру актісінің көшірмесін ұсына отырып жұмыстан шыққан кезде жинақтаушы папканы алу-беру актісі бойынша келесі алмастырушы қызметкерге береді Министрліктің халықаралық ынтымақтастық департаментіне кездесу өткізілген күннен бастап немесе жұмысқа шығу күнінен екі жұмыс күн ішінде кешіктірілмей халықаралық серіктестіктің қорытындысы бойынша (іссапарлар, кездесулер, жиналыстар, шетелдік серіктестіктермен әңгімелер) Қазақстан Республикасы Көлік Министрінің шешімімен бекітілген өткізілген іс-шаралар бойынша қысқаша есепті құрайтын ақпараттарды ұсыну қажет. Министрліктің регламентін сақтайды. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.01.2025 – 27.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-59