Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті Қаржы және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

279237

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

3 жылдық кезеңге арналған бюджетті жоспарлау, жинақтау үшін Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен бюджеттік өтінімдерді қабылдау, қажетті есептер мен оларға түсіндірме жазбаларды қоса бере отырып, тиісті жоспарлы кезеңге арналған Комитеттің және оның аумақтық органдарының бюджеттік бағдарламалары бойынша жиынтық бюджеттік өтінімнің жобасын дайындау. Тиісті кезеңнің бюджетін нақтылау және түзету кезінде растайтын құжаттардың толық пакетімен Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдері негізінде Комитеттің жиынтық бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру. Комитеттің тиісті жоспарланған кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімді әзірлеу. Комитеттің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеу және қаржы департаментіне ұсыну. Комитеттің аумақтық органдарының төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын Комитет басшылығына бекітуге енгізу. Комитетке бөлінген бюджет қаражатының толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен және оның аумақтық органдарымен бірлесіп, бюджет қаражатының толық және уақтылы игерілуін қамтамасыз ету бойынша жедел жұмыстар жүргізу. Аумақтық органдардан бюджеттік бағдарламалар бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептілік нысандарын қабылдау және тексеру. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептерді, инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын орындау жөніндегі деректерді уәкілетті органдарға ұсыну. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға өткен жылғы қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша талдамалық есепті дайындау және ұсыну бойынша жұмыстарды жүргізу. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу. Бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысуларды, төлем міндеттемелерін уақтылы және дұрыс ресімдеу. Бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру және қаржылық рәсімдердің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Ақша қаражаты мен олардың баламаларының есебін жүргізу; дебиторлық және кредиторлық берешектің есебін жүргізу; қызметкерлермен есеп айырысуды, қорларды, негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді есепке алуды, шығыстарды есепке алуды, таза активтерді / капиталды есепке алуды, баланстан тыс шоттарды есепке алуды жүргізу. Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша жасалған шарттар бойынша шарттар мен төлем шоттарын тіркеу үшін өтінімдерді дайындау. Бухгалтерлік және қаржылық есептілікті белгіленген мерзімде жасау және ұсыну. Комитет бойынша бюджеттік және қаржылық есептілікті жасау. Комитеттің аумақтық органдарының бюджеттік және қаржылық есептілігін қабылдау. Комитеттің және оның аумақтық органдарының бюджеттік және қаржылық есептілігін шоғырландыру. Комитет бойынша салық есептілігін жасау және ұсыну. Құрылымдық бөлімшелер ұсынған құжаттар негізінде Комитеттің дебиторлық және кредиторлық берешегі бойынша есептерді жасау және ұсыну. Комитеттің аумақтық органдарының дебиторлық және кредиторлық берешегі бойынша есептерді қабылдау. Статистикалық есептерді құру және Астана қаласы бойынша статистика басқармасына ұсыну. Жүргізілген түгендеу нәтижелері туралы есепті жасау және ұсыну.

Басқарма міндеттеріне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.01.2024 – 08.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-34-27