Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті Норма шығару қызметі басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты
Астана қаласы
237596
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Заң жобалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарау; Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Комитеттің мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну; талап-арыз жұмыстарын жүзеге асыру; құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеу және дайындау; шарттарды уақытылы жасауды, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін жүзеге асыру.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын тудыратын потенциалды факторлар туралы деректерді жинау, жүйелі түрде зерттеу және ескерту жағынан ұсыныстарды енгізу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа ескерту шараларын жүзеге асыру және қаупін бағалау. Басқарма міндеттеріне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadr_mt@mail.ru
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-60