Көлік министрлігі қызметкерлері республикалық спартакиадаға қатысып, жүлделі болды

Көлік министрлігі қызметкерлері республикалық спартакиадаға қатысып, жүлделі болды

Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында 19-22 қыркүйек аралығында Орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиада өтті. Тартысты додаға 26 мемлекеттік орган қатысып, спорттың 7 түрінен: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, қол күресі және шахматтан бақ сынады.

Көлік министрлігінен 30-дан астам қызметкер алты спорт түрі бойынша жарыс жолына шығып, өз күштерін сынады. Жекелей сындарда министрлік қызметкерлері келесі нәтижелерге қол жеткізді:
- шағын футболдан 3-ші орын;
- қазақ күресінен (74 келіге дейін) 3-ші орын;
- волейболдан 5-ші орын;
- шахматтан 10-шы орын;
- тоғызқұмалақтан 18-ші орынды иеленді.

Осындай жарыстар қызметкерлер арасындағы достық пен ауызбіршілікті нығайтып, командалық рухты күшейтеді деп сенеміз.