Көлік саласында тұңғыш рет «Магистраль Awards» ұлттық премиясы табыс етіледі

Көлік саласында тұңғыш рет «Магистраль Awards» ұлттық премиясы табыс етіледі

Көлік және логистика саласындағы Магистраль Awards І ұлттық премиясы ҚР Көлік министрлігінің, «Н.К.Исингариннің көлік бастамалары қоры» ҚҚ, «ҚТЖҰК» АҚ, KazlogisticsҚазақстан көлікшілер одағының және ҚР корпоративтік коммуникациялар қауымдастығының қолдауымен өткізіледі.

Аталған шара саланың инвестициялық тартымдылығын арттырусалада орын алған проблемаларға назар аудару, көлік және логистика саласындағы жетістіктерді көтермелеу әрі Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымының геостратегиялық маңыздылығы мен транзиттік мүмкіндіктерінің өсуі жағдайында экономиканың жүйе құраушы саласы ретінде көлік кешенінің мәртебесін арттыру мақсатындаұйымдастырылып отыр.

Байқау үш кезеңнен тұрады

I кезеңқатысуға өтінімдерді қабылдау.

II кезеңСараптамалық кеңес мүшелерінің қатысушылардың жұмыстарын бағалауы.

III кезең – салтанатты марапаттау рәсімі.

Сонымен қатар қатысушылар Сәтті бастамаЖылдың үздік жобасы», «Сенімді халықаралық серіктесСандық логистика көшбасшысы», «Көлік саласындағы серпілісКөлік бизнесін сындарлы қорғағаны үшінҚоғамдық диалог орнатудағы шеберлігі үшінҚазақстанның көлік кешеніндегі үздік HR-бастамаларҚазақстанның көлік ғылымын дамытуТиімді көлік шешімдерін құруСалалық дәстүрлерге дегенадалдықКөліктегі үздік медиа бастама» және ұйымдастырушылардың қалауы бойынша арнайы номинациялар бойынша марапатталады

Көлік кешенінің еңбек сіңірген мамандары мен қоғам қайраткерлерінен тұратын сараптамалық кеңес желтоқсан айының басында 50-ден астам өтінімді қарастырған болатынКонкурстың қорытындысы биыл 20 желтоқсанда Астана қаласында көлік қоғамдастығы көшбасшылары мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетінсыйлық лауреаттарын марапаттау салтанаты барысында шығарылады.