Мемлекеттік қызметте этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен ҚР Көлік министрлігі мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері үшін «Мемлекеттік қызметте этикалық нормаларды сақтаудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында семинар өтті
Семинар барысында мемлекеттік және жергілікті басқару докторы Шарафат Тасболатқызы Шаяхметова мемлекеттік қызметшілердің әдептілігімен мінез-құлқына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Жұмыс барысында және жұмыстан тысуақытта Мемлекеттік қызмет туралы заңды, сондай-ақ жалпы қолданыстағы моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажеттігін атап өтті. Семинар соңында пікір алмасу болды.