«Қазақстан су жолдары» РМҚК бас директоры Берік Құсманұлы Уандықов мемлекеттік марапат «Парасат» орденімен марапатталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан су жолдары» РМҚК бас директоры Берік Құсманұлы Уандықов мемлекеттік марапат «Парасат» орденімен марапатталды.
Берік Уандықов – су көлігі саласындағы жетекші мамандардың бірі, салада 20 жылдан астам жұмыс істейді, 200-ден астам ғылыми еңбектер мен жариялымдардың авторы.
Салада жұмыс істеген уақытында Б.Қ. Уандықов Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы заңнамаларын қабылдауға, Ақтау порты мен отандық сауда флотының инфрақұрылымын дамытуға, теңіз қауіпсіздігінің ұлттық жүйесін құруға, 20 жылдан астам уақыт болмаған ішкі су жолдары бойынша толассыз кеме қатынасын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.
Өзінің ғылыми еңбектерімен нығайтылған оңтайлы басқарудың қазіргі заманғы әдістеріне ие бола отырып, Берік Уандықов бүгінде өндірістік қызметте, оның ішінде су қоймаларының Жоғарғы Ертіс каскадының ГЭС-мен қатар 50 км3 астам суды ұстап тұратын 3 бірегей кеме қатынасы шлюздерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жаңа цифрлық технологияларды белсенді енгізуде.
Оның жоғары кәсібилігі мен жұмыстағы жігерлігі өскелең ұрпақ үшін жарқын үлгі болып табылады.
Көлік комитетінің ұжымы Берік Құсманұлын құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейді.