Артқа

Ешанқұл Азамат Көмекбайұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Ешанқұл Азамат Көмекбайұлы 1982 жылы 25 маусымда Оңтүстік-Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Ермоловка ауылында дүниеге келген

2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «информатика және компьютерлендіру менеджері» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген. Кейін Қазақ қатынас жолдары университетінде (транспорттық қызмет) және Малайзияның Multimedia University - Cyberjaya оқу орнында білімін жетілдірген. 2026 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін тәмамдап, тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған. Қазіргі таңда «Транспорттық қызмет» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторанты. Диссертация тақырыбы: «Қала агломерациясындағы қоғамдық көліктердің маршруттық желілерін оңтайландыру (Алматы қ. мысалында)».

Ағылшын тілін еркін меңгерген (Advanced level). Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр

Мансап

  • 2006 жылғы сәуір – 2009 жылғы наурыз: «ТЭК-Алматы» ЖШС ГСМ бөлімінің маманы, бөлім бастығы (Алматы қ.)

  • 2009–2010 жылдар: «Теміржол жөндеу» АҚ Даму және маркетинг, сондай-ақ Жеткізу және маркетинг бөлімдерінің бас маманы, бөлім бастығы (Астана және Алматы қ.)

  • 2011–2012 жылдар: «KazBestProduct» ЖШС Коммерциялық директоры (Алматы қ.)

  • 2014–2016 жылдар: «Қазақстан отын-энергетикалық кешені» ЖШС Екібастұз орталық және шығыс филиалдарының жанармай қоймасының бригадирі, бастығы (Екібастұз қ.)

  • 2016 жыл: «Мечел Сервис Казахстан» ЖШС Көлік логистикасы бөлімінің бастығы (Астана қ.)

  • 2017 жыл: «Метрополитен» КМК Мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы (Алматы қ.)

  • 2017–2023 жылдар: Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (кейін Қалалық мобильділік басқармасы) көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімінің бас маманы

  • 2023 жылғы ақпан – маусым: Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасының альтернативті көлікті дамыту бөлімінің басшысы

  • 2023–2026 жылдар: Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасының қоғамдық көлікті ұйымдастыру бөлімінің басшысы

  • 2026 жылғы қаңтардан бастап: Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары

Жаңарту күні: