ҚР Туризм және спорт министрі Е. Маржықпаевтың Үкімет отырысында сөйлеген сөзі. 2024 жылғы 14 мамыр

Құрметті Олжас Абайұлы!
Құрметті әріптестер!
Өткен жылдың қорытындысы бойынша туристік сала пандемиядан кейін толық қалпына келіп қана қоймай, саланың негізгі көрсеткіштері бойынша тарихи ең жоғары деңгейге жетті.
Соңғы жылы елге 9,2 (тоғыз да екі) млн шетелдік азамат келді, бұл 2022 (екі мың жиырма екінші) жылғы көрсеткіштен 2 есе көп (2022 (екі мың жиырма екінші) жыл – 4,7 (төрт бүтін оннан жеті) млн адам).
Ел ішінде 9,6 (тоғыз да алты) миллионнан астам отандық азаматтар саяхат жасады. Бұл көрсеткіш 2022 (екі мың жиырма екінші) жылдан 1 млн адамға асты.
Орналастыру орындары 229 (екі жүз жиырма тоғыз) млрд теңгеден астам соммаға қызмет көрсетті, бұл 2022 (екі мың жиырма екінші) жылғы көрсеткіштен 1,3 (бір де үш) есе көп (2022 (екі мың жиырма екінші) жыл – 182,9 (жүз сексен екі бүтін оннан тоғыз) млрд теңге).
Туризм саласынан бюджетке түсетін салық түсімдері 450 (төрт жүз елу) млрд теңгені құрады, 2022 (екі мың жиырма екінші) жылғы көрсеткіштен
64 (алпыс төрт) млрд теңгеге артық.
Жоғарыда аталған динамика сала дамуының оң үрдістерін айғақтайды.
Біз 2023 (екі мың жиырма үшінші) жылы негізгі капиталға инвестициялар бойынша жоғарғы көрсеткішке жеттік. Осы кезеңде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 787 (жеті жүз сексен жеті) млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53%-ға (елу үш пайызға) артық (2022 (екі мың жиырма екінші) жылы негізгі капиталға инвестиция 513 млрд теңгені құрады).
Сонымен қатар, осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы оң динамиканы көрсетіп, үш есеге артып, 177 (жүз жетпіс жеті) млрд теңгеге жетті (2023 (екі мың жиырма екінші) ж. – 62,6 (алпыс екі бүтін оннан алты) млрд теңге).
Алайда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Жетісу облыстарында теріс динамика байқалады. Көрсеткіштердің төмендеуі 7-ден (жетіден)
60% дейін құрады.
Туризмдегі инвестициялық әлеуетті дамытуға ерекше назар аударылады.
Құрметті Олжас Абайұлы, Сіздің тапсырмаңыз бойынша ағымдағы жылы басым туристік аймақтардың тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Осылайша, барлық аймақтарда өсудің ең перспективалы орындары анықталды.
Әр дестинацияда басым туристік аймақтар құру жоспарлануда.
Министрлік туризмде инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына тұрақты негізде мониторинг жүргізуде.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша
131 (жүз отыз бір) млрд теңгеге 33 (отыз үш) жоба жүзеге асырылды.
2023 жылы Маңғыстау облысының «Жылы жағажайына» инфрақұрылымды жеткізу бойынша бірқатар жобалар аяқталды.
Биыл Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында үш әуежай терминалының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Бұл жолаушылар ағынын едәуір арттырып, туристік дестинациялардың қолжетімділігіне оң әсер етеді.
Экотуризмге сұраныстың артуын ескере отырып, ұлттық саябақтарға бару көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық саябақтарға 2,4 (екі де төрт) миллионнан астам адам келді.
Бүгінде Қазақстан бойынша 16 (он алты) визит-орталық жұмыс істейді, оның ішінде 7-еуі ұлттық парктер аумағында орналасқан.
Өткен жылы Алтын-Емел, Шарын және
Іле-Алатауы ұлттық парктері жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық 3 жаңа визит-орталықпен толықтырылды.
Алдағы жазғы маусым қарсаңында біздің азаматтар мен туристер үшін қауіпсіздікті сақтау өте маңызды.
Сондықтан жергілікті атқарушы органдар судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу,
су айдындары мен таулы жерлерде қауіпсіздікті арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет.
Министрлік интернетпен қамтылмаған аймақтарда жұмыс істейтін «Туристке арналған SOS-батырма» қауіпсіздік жүйесін енгізу мәселесін пысықтауда. Бұл отандық әзірлеу болып табылады.
Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша оң динамика байқалады.
2023 (екі мың жиырма үшінші) жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 2022 (екі мың жиырма екінші) жылмен салыстырғанда 8 есе ұлғайды, осылайша, жалпы сомасы 800 (сегіз жүз) млн теңгеден астам өтінімдер мақұлданды.
Бұл жобаларға инвестициялалардың жалпы көлемі 5 млрд теңгеден асты (санаторийлер, балалар лагерлері, қонақ үйлер, жол бойындағы сервис объектілерінің демалыс аймақтарын құруды қамтиды).
Сонымен қатар, әкімдіктердің мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға мүдделілігі біркелкі емес.
Шаралар басталған сәттен бастап Жетісу, Ұлытау, Абай, Шымкент, Атырау облыстары өтінімдерді тарту бойынша белсенділіктің төмендігін атап өту қажет.
Жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды күшейтуге және кәсіпкерлерді тарту бойынша тұрақты негізде белсенді жұмыс жүргізуге шақырамын.
Биыл мемлекеттік қолдау шараларының тетіктерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз.
Саланы одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан бері Министрлік жаңа бастамаларды пысықтауда.
Осындай бастамалардың бірі қазірдің өзінде енгізілді, оның аясында халықаралық франшизасы бар қонақүйлер үшін жеңілдікпен кредит беру мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды.
Келесі бастама – фермерлерге өз жерлерінде агротуризммен айналысуға рұқсат беру. Бұл
10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын қосымша жұмыспен қамтуға болады.
Бұдан басқа, әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу жөнінде заңнамалық құзыреттер беру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі таңда, Инвестициялық штабтың уақытша шешімі шеңберінде ағымдағы жылдан бастап әкімдіктер туризм объектілеріне инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде ұлттық парктер аумағында жер учаскелерін шығарусыз іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Осы бастамаларды заңнамалық деңгейде бекіту үшін депутаттармен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.
Визалық-көші-қон режимінің мәселелері туристер тарапынан көптеген шағымдар тудырады.
Туроператорлардың хабарлауынша, шетелдік келушілер визалық-көші-қон порталының техникалық ақауларына байланысты виза алу кезінде қиындықтарға тап болады.
Нәтижесінде туроператорлар шетелдік туристер үшін брондалған билеттерді алып тастауға мәжбүр болды.
Осыған байланысты елге келгеннен кейін виза алу бойынша әуежайлардағы көші-қон қызметтерінде персонал санын көбейту және оның порталының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ұсынылады.
Бұдан басқа, виза алу рәсімдерін цифрландыру және оңайлату арқылы бұл режимді жетілдіру қажет.
Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдік азаматтарға елде ұзақ мерзімді болу құқығын бере отырып, қазіргі заманғы көшпенділердің визасын енгізу мәселесі қаралуда (жұмыс атауы – NEO Nomad Visa).
Бұл шараны енгізуден күтілетін экономикалық нәтиже жыл сайын 3 млрд теңгеден асады.
Қазіргі уақытта Neo Nomad Visa енгізу тетігі әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға жолданды.
Бүгінгі таңда 82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады, халықаралық әуе қатынасы 108 бағыт бойынша 29 елге орындалады.
«Ауа еркіндігінің» 5-ші дәрежесінің арқасында ИндиГоу (IndiGo), ФлайНас (FlyNas), малайзиялық ЭйрЭйжаИкс (AirAsia X) сияқты шетелдік авиакомпанияларының әуе кемелері жиілігі мен түрлері бойынша шектеусіз Қазақстанның бірқатар әуежайларына ұшуды орындау құқығына ие болды.
Қазақстан ішінде маршруттар, атап айтқанда Qazaq Air жергілікті авиакомпаниясының Самарқанд-Түркістан бағыты іске қосылды.
Сонымен қатар, жазғы маусым қарсаңында Қазақстанның курорттық аймақтарына (Алакөл, Балқаш, Маңғыстау) маусымдық рейстердің жиілігі мен санын арттыру мәселесін пысықтау қажет.
Мәселен, өткен жылғы рейстердің саны Алакөл көлінде демалғысы келетіндердің ағынын қамтымағанын көрсетеді.
Елдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Конде Наст Трэвелер (Conde Nast Traveler), Уандерласт (Wanderlust), Стрип.ком (Ctrip.com) және Нью Йорк Таймс (The New York Times) сияқты ірі халықаралық платформаларында жарияланымдарды қоса алғанда, табысты жарнамалық науқандар өткізілді.
Сонымен қатар, 2024 (екі мың жиырма төртінші) жыл Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылы болып жарияланды.
Өткен айда Бейжіңде Туризм жылының ашылуы өтіп, оның аясында екі елдің туристік бизнесінің 300-ден астам өкілдерінің қатысуымен Форум өтті.
Жыл ішінде 30-дан астам іс-шара өткізу, оның ішінде Қазақстан туризмінің түрлері бойынша тақырыптық апталарды өткізу, Қытайдың 7 ірі қаласында (Пекин, Сиань, Шанхай, Үрімші, Гонконг, Ханчжоу, Чэнду) ТОП-20 отандық дестинациялардың таныстырылымы, сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы туристік әлеуетін ілгерілету жөніндегі басқа да бірқатар ірі жобалар жоспарланған.
Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылының ресми жабылуы биылғы жылдың соңына (қараша/желтоқсан) Алматы қаласында өткізу жоспарланған.
Жоғарыда айтылған барлық шаралар сала дамуына бағытталған.
Ұсынынып отырған жаңа бастамалар Мемлекет басшысы атап өткендей еліміздің туристтік әлеуетін ашып, оны одан әрі ілгерілетуге ерекше серпін береді.
Баяндама аяқталды.
Назарларыңызға рақмет!