Пресс-релиз: «Туристендіру картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

«Туристендіру картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-10) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде әзірленді.
Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Туристендіру картасына енгізілген туристік аумақтардың танымалдылығын арттыру және дамыту.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 6 желтоқсанда орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15334078
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін.