Пресс-релиз: «Бурабай» курорттық аймағының туризмін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Пресс-релиз: «Бурабай» курорттық аймағының туризмін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Бурабай» курорттық аймағының туризмін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2024 жылғы 13 маусымдағы туризмді дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты-Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде стратегиялық кластерлік жоспарлау негізінде «Бурабай» курорттық аймағының туризмін тұрақты дамыту үшін кешенді жағдайлар жасау.

Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 11 қазанда орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15231400

Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 28 қазанға дейін.

Қызмет бағыты