БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында оқушылармен, студенттермен және басқа да санаттағы азаматтармен жұмыс істеу кезінде ойынға тәуелділіктің алдын алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың психологтарының біліктілігін арттыруға арналған республикалық онлайн-семинар ұйымдастырылды.
Онлайн-семинар 2024 жылғы 22 тамызында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығымен өткізілді. Іс-шараға, мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарынан 800-ден астам психолог қатысты. (оның ішінде әскери колледждер мен әскери жоғары оқу орындарының, әскер және Ұлттық ұлан бөлімшелерінің психологтары, жоғары және орта оқу орындарының, орта мектептер мен колледждердің психологтары)
Баяндамашылар семинар қатысушыларын лудомания дамуы себептері, алғышарттары, триггерлері, белгілері мен лудоманға тән мінез-құлық, сондай-ақ осы ауруды емдеу әдістерімен таныстырды.
Республикалық семинар мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдардың психологтарын мектеп оқушыларының, студенттердің, әскери қызметкерлердің, курсанттар және жастардың басқа санаттары арасында лудоманияны анықтау дағдыларына үйретуге бағытталған.
Семинар нәтижесінде Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы, лудоманияны алдын алу бойынша видео сабақ әзірледі.