ПРЕСС РЕЛИЗ: «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-8) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығын және «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025, 2025-2026, 2026-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 1 тамызда https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15155811 орналастырылған. 

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 15 тамызға дейін.

Қызмет бағыты