ПРЕСС РЕЛИЗ: «Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 227 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 373 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірлескен бұйрық жобасы

Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң).

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты- Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы сақталуы үшін мемлекеттік бақылауды сапалы түрде жүзеге асыру.

Бұйрық жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 25 шілдеде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15148106 сілтемесі бойынша орналастырылған.