ПРЕСС РЕЛИЗ: «Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 282 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына және 8-бабы 1-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Уәкілетті орган қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесін жүргізеді.

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты - оны «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы
8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15148610 қоғамдық талқылау үшін 2024 жылғы 25 шілдеде орналастырылды.