«Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе, тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе, тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе, тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау казино, ойын автоматтары залы, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік талаптарын айқындауға мүмкіндік береді.
Жоба 2024 жылғы 23 шілдеде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15146971 сілтеме бойынша орналастырылды.