«Лотереяларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 45 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Лотереяларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 45 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Лотереяларды өткізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Жоба Лотереяларды өткізу қағидаларын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Жобаны қабылдау лотереяларды өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған.

Жоба 2024 жылғы 23 шілдеде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15146797 сілтеме бойынша орналастырылды.