ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы жылғы 11 маусымда «Шенеуніктерге құмар ойынға тыйым салу» петициясын қарастыруға қабылдады. Петицияның авторы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Дидар Смағұл.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес министрлік петицияны талқылау бойынша жұмыс тобын құрды, оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, арыз иесі, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен ойын бизнесі өкілдері енді.
Жұмыс тобының отырысы гибридті форматта (онлайн/оффлайн) 2024 жылғы 24 және 25 маусымда, сағат 17:30-да Министрлікте, мына мекенжайда өтеді: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс, 3-қабат, 303 кабинет.
Отырыстың өтетін орны мен уақыты өзгерген жағдайда қосымша хабарланады.