E-PETITION.KZ РЕСМИ ПОРТАЛЫНДА «ШЕНЕУНІКТЕРГЕ ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТЫЙЫМ САЛУ» ПЕТИЦИЯСЫ РЕСМИ ҚАРАЛУЫ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚОЛ ЖИНАДЫ

E-PETITION.KZ РЕСМИ ПОРТАЛЫНДА «ШЕНЕУНІКТЕРГЕ ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТЫЙЫМ САЛУ» ПЕТИЦИЯСЫ РЕСМИ ҚАРАЛУЫ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚОЛ ЖИНАДЫ

️E-Petition.kz ресми порталында «Шенеуніктерге құмар ойынға тыйым салу» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады.

ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес 50 000 қол жиналғаннан кейін,
ҚР Туризм және спорт министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі – оны тіркелген сәттен бастап
40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.