Туризм және спорт министрлігі қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2023 жылғы 30 мамыр сағат 15:00-де гибридті форматта (офлайн және ZOOM арқылы бейне-конференц-байланыс режимінде) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларының 15-тармағына сәйкес «Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея операторы арнайы құқық субъектісі өткізетін лотерея билеттері құнының жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар келесі мекенжайы бойынша өтеді: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, 5 қабат.
Бейне-конференц-байланыс (Zoom) бойынша қатысу үшін сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/74932522281?pwd=Yky8Gzmdbbq9fcNyXygJDgqPfPgt8Z.1
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-16-80, 74-03-39.
Сайт: www.gov.kz
эл. пошта: kense@tms.gov.kz
Сайт: www.sz.kz
эл. пошта: info@szhuldyz.kz