Комитет туристік компаниялардың лицензиялары мен хабарламаларын кері қайтарып алуды және олардың қолданылуын тоқтатуды, оның ішінде сот тәртібімен кері қайтарып алуды және тоқтатуды қамтитын шығу және ішкі туризм саласындағы бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды жүргізіп жатыр

Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ҚР азаматтарынан EMPERUM ЖШС және Lloyds Group ЖШС, және онымен байланысты компаниялардың заңсыз әрекеттеріне қатысты көптеген шағымдармен өтініштер келіп түседі.
Азаматтардың өтініштері бойынша турагенттік қызметкерлері жолдаманы сату кезінде қызметтер туралы толық емес және дұрыс емес ақпарат беретіні, шартқа қол қою кезінде моральдық және психологиялық қысым көрсететіні, пайдаланылмаған қызметтер үшін ақшалай қаражатты қайтарудан бас тартатыны, туристік қызмет көрсетуге сәйкес келмейтін шарттар жасасатыны, шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамайтыны және оны бұзудан бас тартатыны анықталды.
Осылайша, EMPERUM ЖШС туристердің заңды құқықтарын бұзады және қысым жасайды, Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы қолданыстағы заңнамасын сақтамайды.
Бұған дейін, Комитет зардап шеккен туристерден келіп түскен өтініштер негізінде жоғарыда аталған заң бұзушылықтар бойынша турагенттікке қатысты шаралар қарастырғанын атап өткен жөн.
Комитет EMPERUM ЖШС және EMPERUM ЖШС филиалының Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізді. Сонымен бірге, заң бұзушылықтарды жою және шартты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығымен бекітілген Үлгілік шартқа сәйкес келтіру туралы компанияның атына хаттар жолданды.
Сондай-ақ, Комитет шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне EMPERUM ЖШС-не азаматтардың шағымдары жазылған хаттарын жолдады.
Бұдан басқа, Комитет мемлекеттік органның интернет-ресурсында EMPERUM ЖШС қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтарына ескерту үшін ақпараттық хабарлама жариялады.
Сонымен бірге, Комитет Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштері негізінде Emperum ЖШС-на хабарлама жасау тәртібі субъектілерінің тізілімінен шығару үшін және Lloyds Group ЖШС-на туроператорлық қызметке лицензияның қолданылуын тоқтату үшін сотқа талап арыз берді. Осылайша, соттың 2023 жылғы 23 қазандағы шешімімен талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде EMPERUM ЖШС және Lloyds Group ЖШС жауапкерлерінің өкілі Алматы қаласы сотының шешіміне апелляциялық шағым түсірді. 2024 жылғы 1 ақпанда апелляциялық сот бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдыру, EMPERUM ЖШС және Lloyds Group ЖШС жауапкерлерінің апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім шығарды.
Өз кезегінде, азаматтар мен субъектілер арасында туындаған өзара қарым-қатынастар азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі.
Сонымен қатар, Комитет EMPERUM ЖШС және Lloyds Group ЖШС туристердің талап арыздары бойынша 20-дан астам сот отырыстарына қатысып келеді. Осылайша, Комитет пен мүдделі тараптардың көмегімен соттар туристердің 14 талап-арызы бойынша EMPERUM ЖШС және Lloyds Group ЖШС-нен қаражат өндіріп алуды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
ҚР азаматтары тарапынан сапасыз көрсетілген туристік қызметтерге, туристік нысандарға шағымдардың жиілеуіне байланысты Комитет туристік компаниялардың лицензиялары мен хабарламаларын кері қайтарып алуды және олардың қолданылуын тоқтатуды, оның ішінде сот тәртібімен кері қайтарып алуды және тоқтатуды қамтитын шығу және ішкі туризм саласындағы бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды жүргізіп жатыр.