Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Германияның Берлин қаласында өтетін ITB Berlin халықаралық туристік көрмесінде қазақстандық стенд ұйымдастыруды жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) 2024 жылғы 5-7 наурызда Германияның Берлин қаласында өтетін ITB Berlin халықаралық туристік көрмесінде қазақстандық стенд ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта туристік бизнеc өкілдері үшін көрмеге қатысуға тіркеу 2024 жылғы 19 қаңтарына дейін (қоса алғанда) ашық. Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін тіркелген қатысушыларға Ұйымдастырушы стендте орын беруге және визалық қолдауды уақытылы қамтамасыз етуге кепілдік бере алмайды.
Бұдан басқа, қазақстандық делегация құрамына іріктеу бекітілгеннен кейін (2023 жылғы 19 қаңтардан кейін) қатысушы өтінімнің күшін жойған жағдайда, сондай-ақ өтінімде көрсетілген ережелер сақталмаған жағдайда (https://forms.gle/fTZjGDe841ewnnbz6) Ұйымдастырушы компанияларға келесі көрмелерге қатысуға рұқсат бермеуге құқылы.
Мүдделі тұлғалардан сілтеме бойынша өтінімді толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/fTZjGDe841ewnnbz6