Екінші деңгейдегі банктер бөлімшелерінің, қаржы ұйымдарының, ломбардтардың жанында 500 метрден кем қашықтықта орналасқан ғимараттарда лотерея жабдығын немесе лотерея терминалын орнатуға, сондай-ақ тұрғын үй қорының үй-жайларында, жатақханаларда, балалар, білім беру, медициналық, діни ұйымдар және өзге де әлеуметтік ұйымдар орналасқан ғимараттар мен құрылыстарда орналастыруға тыйым салуды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылауға шығарылады
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 2023 жылғы 12 желтоқсанда сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында екінші деңгейдегі банктер бөлімшелерінің, қаржы ұйымдарының, ломбардтардың жанында 500 метрден кем қашықтықта орналасқан ғимараттарда лотерея жабдығын немесе лотерея терминалын орнатуға, сондай-ақ тұрғын үй қорының үй-жайларында, жатақханаларда, балалар, білім беру, медициналық, діни ұйымдар және өзге де әлеуметтік ұйымдар орналасқан ғимараттар мен құрылыстарда орналастыруға тыйым салуды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі-РЭТ) нәтижелері орналастырылатын болады.
РЭТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2023 жылғы 12 мен 14 желтоқсан аралығында on-line режимінде өтеді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 7 желтоқсанда сағат 15:00-де РЭТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде (Zoom) кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.