Букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың интернет-ресурстары арқылы ставкаларды қабылдауға тыйым салу жөніндегі талапты енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылауға шығарылады
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың интернет-ресурстары арқылы ставкаларды қабылдауға тыйым салу жөніндегі талапты енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі-РЭТ) нәтижелері орналастырылатын болады.
РЭТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2023 жылғы 11 мен 13 желтоқсан аралығында on-line режимінде өтеді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 6 желтоқсанда сағат 15:00-де РЭТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде (Zoom) кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.