Ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, ставкаларды қабылдауды (есепке алуды) және ұтыстарды төлеуді жүзеге асыруға тыйым салу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылауға шығарылады
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 2023 жылғы 6 желтоқсанда сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, ставкаларды қабылдауды (есепке алуды) және ұтыстарды төлеуді жүзеге асыруға тыйым салу бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі-РЭТ) нәтижелері орналастырылатын болады.
РЭТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2023 жылғы 6 мен 8 желтоқсан аралығында on-line режимінде өтеді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 желтоқсанда сағат 15:00-де РЭТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде (Zoom) кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.