Ойын бизнесін ұйымдастырушы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери, арнаулы оқу орындарының жазбаша сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, олардың қызметкерлерінің, жұмыскерлерінің, оқитындардың құмар ойындарда және (немесе) бәс тігуде әскери қызметшілердің қатысуы туралы мәліметтер беретін талапты енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылауға шығарылады
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 2023 жылғы 30 қарашада сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында ойын бизнесін ұйымдастырушы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери, арнаулы оқу орындарының жазбаша сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, олардың қызметкерлерінің, жұмыскерлерінің, оқитындардың құмар ойындарда және (немесе) бәс тігуде әскери қызметшілердің қатысуы туралы мәліметтер беретін талапты енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі-РЭТ) нәтижелері орналастырылатын болады.
РЭТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2023 жылғы 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында on-line режимінде өтеді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 27 қараша сағат 15:00-де РЭТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде (Zoom) кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.