Лотерея билеттері арқылы жүлде қорының ұтыс ойынына жеке тұлғалардың қатысуы бойынша жасына шектеу орнату реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылауға шығарылады

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 2023 жылғы 24 қарашада сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында лотерея билеттері арқылы жүлде қорының ұтыс ойынына жеке тұлғалардың қатысуы бойынша жасына шектеу орнату реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі-РЭТ) нәтижелері орналастырылатын болады.

РЭТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2023 жылғы 24 мен 28 қараша аралығында on-line режимінде өтеді.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 23 қараша сағат 15:00-де РЭТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде (Zoom) кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.