Ойын мекемелерінің және букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылу мерзімін 5 жылға дейін қысқарту жөніндегі талапты енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылауға шығарылады

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 2023 жылғы 28 қарашада сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында ойын мекемелерінің және букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылу мерзімін 5 жылға дейін қысқарту жөніндегі талапты енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі-РЭТ) нәтижелері орналастырылатын болады.
РЭТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2023 жылғы 28-30 қараша аралығында on-line режимінде өтеді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 24 қараша сағат 15:00-де РЭТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде (Zoom) кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.