Елден шығатын туристер мен Қазақстанның туристік компанияларының назарына!

Палестина-Израиль қақтығысының әскери іс-қимылдарының аумағына жақын елдердегі қауырт жағдайға байланысты, Қазақстан азаматтары мен туристік қоғамдастық қиын жағдайға тап болды – кейбір туристер үрейленіп өздерінің қауіпсіздігі үшін шекара маңындағы елдерге, соның ішінде Египетке сапарларын тоқтатқысы келсе, ал екінші жақта бұл жағдайда туристік жолдамалардың күшін жойып туристерге төленген ақшалай қаражаттың 100% қайтаруға мүмкіндіктері жоқ болып отыр.
Осы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі азаматтар мен турбизнес субъектілерінің өзара іс-қимылдарының мынадай тәртібі туралы хабардар ету қажет деп санайды.
Бұл жағдайда қазақстандық туристер мен туристік компаниялар арасындағы қатынастар «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңында белгіленген және туристік қызмет көрсетуге арналған шарттарда (үлгілік шарт негізінде) келісілген ерекшеліктері бар азаматтық-құқықтық салада реттеледі.
Мәселен, қолданыстағы заңнамаға сәйкес туристер туркомпанияларға шартты орындаудан бас тарту туралы хабарлағанға дейін, көрсетілген қызметтер үшін нақты жұмсаған шығыстарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейін шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Яғни, туристер бұрын төленген қаражатты қайтаруды сұрап туристік компанияға алдын ала жүгінуге және туркомпания ұсынған балама нұсқаларға келіспеген жағдайда саяхаттан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес, туристік компаниялар туристерге қаражатты қайтару кезінде турларды ұйымдастыруға байланысты нақты жұмсалған шығыстарды ұстап қалуға құқылы. Нақты жұмсалған шығыстар туроператорлардың ұшақтағы орындардың қатты блогы және қонақүйлердегі сатып алынған bed to bed орындары үшін ақы төлеу жөніндегі міндеттемелері саналады.
Заңға сәйкес, тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туристік қызмет көрсету шартын орындау мүмкін болмаған жағдайда, егер заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға нақты шеккен шығыстарын өтейді.
Сонымен қатар, туроператорлардың халықаралық авиакомпаниялар, шетелдік әріптестер алдындағы олардың арасындағы тиісті шарттар шеңберіндегі міндеттемелері, еңсерілмейтін күш мән-жайларының және ресми уәкілетті мемлекеттік органдар жариялаған өзге де форс-мажорлық мән-жайлардың басталуын қоспағанда, ұқсас заңдық күшке ие және орындауға міндетті (авиаұшуларға тыйым салу, шекараларды жабу, ТО немесе ТЖ режимін жариялау, әскери ережелер және т.б.).
Айта кету керек, Египет- дәстүрлі түрде қазақстандық туристердің сүйікті демалыс орындарының бірі және «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының деректеріне сәйкес Египетті демалыс орны ретінде таңдаған туристер саны ең жоғары кезеңде 5 мыңнан астам адамға жетеді.
Қазіргі уақытта Египетте Қазақстаннан туристік жолдамамен кеткен 4000-нан астам ұйымдастырылған турист бар.