«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Белуха тауына іргелес аумақтарда туристік қызметті жүзеге асыру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз хабарламасы

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Белуха тауына іргелес аумақтарда туристік қызметті жүзеге асыру туралы келісімге қол қоюды көздейді. Келісім жобасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтарда тау туризмін дамытуға бағытталған.

Жоба «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген.

Жоба 2026 жылғы 30 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15818593 сілтеме бойынша орналастырылды.