Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталатыны туралы хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінде және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысының 2025 жылғы 31 наурыздағы № 44 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) Комитеттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Комитеттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспар мен ұсынымдар әзірленетін болады.
Талдау өткізу мерзімі 2025 жылғы 27 қазаннан 27 қарашаға дейін жүргізіледі.