«KAZAKH TOURISM ҰК» АҚ МУМБАЙДАҒЫ 50-ДЕН АСТАМ ҮНДІ ТУРОПЕРАТОРЛАРЫ МЕН ҮНДІ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ ПРЕЗЕНТАЦИЯ ӨТКІЗДІ

«KAZAKH TOURISM ҰК» АҚ МУМБАЙДАҒЫ 50-ДЕН АСТАМ ҮНДІ ТУРОПЕРАТОРЛАРЫ МЕН ҮНДІ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ ПРЕЗЕНТАЦИЯ ӨТКІЗДІ

2024 жылғы 22 тамызда «Kazakh Tourism ҰК» АҚ және турбизнес өкілдері бастаған қазақстандық делегация Мумбайдағы 50-ден астам үнді туроператорлары мен Үнді қауымдастықтарының өкілдеріне презентация өткізді. 

Іс-шара Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қазақстандық және үнді туроператорлары арасында B2B-кездесулер өткізілді.

Белсенді қатысушыларға іс-шара серіктестерінен бағалы сыйлықтар: Air Astana әуекомпаниясынан 2 билет, сондай-ақ, The Ritz-Carlton, Almaty қонақ үйінде тұруға және Шымбұлақ тау курортына баруға жолдамалар табыс етілді.