тест 12.07

Мемлекет басшысының «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Жамбыл облысында «Оқитын ұлт» жобасына старт берілді.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Кітап оқитын ұлт – Оқитын ұлт» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ербол Қарашөкеев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқу мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
— Кітап әрқашан білімнің, рухани тәрбиенің және адамгершілік бағдарлардың басты қайнар көзі болды және болып қала береді. Оқу арқылы адамның дүниетанымы, мәдениеті, интеллектісі және азаматтық жауапкершілігі қалыптасады. Сондықтан оқу мәдениетін дамыту – бұл бір реттік акция емес, білімді және ойлайтын ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған маңызды жүйелі жұмыс, — деп атап өтті өңір басшысы.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысының 275 мемлекеттік кітапханасының қоры 3 млн 876 мыңнан астам дана кітапты құрайды. Олардың қызметін 224 мыңнан астам оқырман пайдаланады.