натрий цианиді шығаратын зауыт салынады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Altynalmas Reagents» ЖШС директоры Уәлихан Атагелдиевті қабылдады.

Кездесуде «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында натрий цианидін өндіру жобасын жүзеге асырудың барысы талқыланды.

Жобаның жылдық қуаттылығы 25 мың тоннаны құрайды. Зауыттың құрылысына 250 адамды тарту жоспарланса, ал пайдалану кезінде 100-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Зауыт іске қосылғаннан кейін кәсіпорын натрий пиросульфиті мен каустикалық сода өндірісін жолға қоюды көздейді.

Кездесу барысында сабақтас өндірістерді құру, өнімді өткізуді жолға қою және экспорттау мәселелері талқыланды.