Ақпараттық хабарлама!

  

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 5-тармағына сәйкес тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді газ желісі ұйымдары және газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады, олар тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті.

    Заңның бұл нормасы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында жасалғанын атап өтеміз.

     Сондай-ақ,сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда автогаз құю станциясы арқылы өткізу«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 170-бабы 3-бөлігіне сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс  бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндеайыппұл салуға әкеп соғатынын хабарлаймыз.

Жарияланған күні

26 қаңтар 2023

Жаңарту күні

26 қаңтар 2023

Жарияланымның авторы