Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

«Fingramota online» сұрақ қою

«Fingramota online» мобильді қосымшасында сізде ҚНРДА мамандарынан онлайн-кеңес алу мүмкіндігі бар. Чат операторлары қаржылық өнімдер мен қызметтер туралы сұрақтарға жауап беруге, қиын жағдайда әрекет ету тәртібін ұсынуға, белгілі бір терминнің мағынасын түсіндіруге және т.б. дайын. Жіберілетін жауаптар ҚНРДА ресми жауаптары болып табылмайды және түсіндіру сипатында болады.

 

 

Сондай-ақ, Сіз мобильді қосымшада келесі сілтемелер бойынша жүктеп, сұрақ қоя аласыз:

   

Байланыс орталығына қоңырау шалу

Егер Сізге анықтамалық сипаттағы ақпарат қажет болса, байланыс орталығының операторына өз сұрағыңызды қоя аласыз. Жалғыз шарт – жауап құпия ақпаратты, оның ішінде жеке немесе банктік құпияға қатысты ақпаратты ашуды қамтымауы тиіс. ҚНРДА мұндай ақпаратты ешқашан сұрамайды. Қаржылық алаяқтардан сақ болыңыз!

 

+7 (727) 237 10 00

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру