"ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті РЖС жоспарлау және халықаралық үйлерстіру басқармасының басшысы" (негізгі жұмыскер бала күтімі бойынша 2023 жылғы 6 ақпанға дейінгі демалыс кезеңіне, бұл ретте, негізгі жұмыскер осы мерзім өткенге дейін бір ай бұрын хабарлай отырып жұмысқа шығу құқығы бар.)

Мемлекеттік орган

Телекоммуникациялар комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне басшылық етуді және үйлестіруді; Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлеріне Басқарманың қызмет саласына кіретін мәселелер бойынша орындауға міндетті нұсқауларды беру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау және шығыс хат-хабарларға қол қою. Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің Министрлік пен Департамент басшыларының тапсырмаларын және бұйрықтарын тиісті орындауын қамтамасыз ету. Әзірлеушісі Басқарма болған нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жататын актілерге Басқарманың құқықтық мониторинг өткізуін қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілердің сәйкес болмауы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу, не болмаса олардың күші жойылды деп тану бойынша шаралар қабылдау. РЖС жоспарлау сұрақтары бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Жоспарлау және тәртіпті анықтау сұрақтары бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, Министрліктің аумақтық органдарымен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Халықаралық электр байланыс одағымен және байланыс саласындағы өңірлік достастықпен Басқарма құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.06.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.06.2020 – 05.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.06.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 14-кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-26-25, 8 702 822 55 44