Қаржы басқармасының басшысы
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
358000
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне басшылық жасау және үйлестіру; Басқармаға жүктелген функциялардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау және шығыс хат-хабарларға қол қою. Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма әзірлеушілері басқарма болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жататын актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, нормативтік құқықтық актілердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану жөнінде шаралар қабылдайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жасайды және ұсынады. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарма қызметін басқа бөлімшелермен үйлестіру. Бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың талаптарына сәйкес есеп жүйесін құру және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Жалпы есептілікті қалыптастыруда әдістемелік басшылықты үйлестіру және жүзеге асыру. Бухгалтерлік есепті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Мемориалдық ордерлерді тексеру. Депозиттік шоттағы ақша түсімдері мен шығыстарының есебін жүргізу; бухгалтерлік құжаттардың, есеп айырысулардың, төлем міндеттемелерінің уақытылы ресімделуіне бақылауды ұйымдастыру. Қаржылық есептілікті, бюджеттік есептілікті, кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есепті, кредиторлық және дебиторлық берешектің пайда болу себептері туралы ақпаратты қалыптастыру. Активтердің, қорлардың және тауарлық-материалдық құндылықтардың түсуін, олардың ұйым ішіндегі орын ауыстыруын және шығып қалуын есепке алу тіркелімдерінде дұрыс құжаттық ресімдеуді және уақтылы көрсетуді, сондай-ақ әрбір объектінің сақталуы мен дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету. Активтерді бір бағыныстан екіншісіне беруді уақтылы ресімдеу, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеттерімен өзара іс-қимыл жасау. Активтердің қозғалысы мен тозуының есебін жүргізу. Материалдық құндылықтарға (активтерге, қорларға) түгендеу жүргізуге қатысу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте көрсету. Мемориалдық ордерлерді құру. Активтердің, қорлардың және тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша есептерді уақтылы дайындау және тапсыру, басқа статистикалық есептерді жасау және тапсыру. Мемлекеттік мүлік Тізілімінде жүргізілген түгендеу, паспорттау және олардың балансында бекітілген мүлікті қайта бағалау нәтижелері бойынша ақпаратты құру және уақтылы орналастыру. Басқарма құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.10.2022
- 010000, Астана қаласы, Мәңгілік даңғылы 55/14, С.2.4, 1.20 кабинеті
-
+7-7172-61-32-93