Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті байланыс саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының бас сарапшысы, C-4
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
296746
- Математика
- Физика
- Информатика
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Механика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі ретінде Басқарманың құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау. Басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы өңірлік достастықпен (БСӨД), Халықаралық электр байланысы одағымен (ХЭБО), телекоммуникация саласындағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау. ХЭБО, БСӨД және басқа да халықаралық ұйымдар жіберген құжаттарға ұсыныстарды қарау, келісу және ұсыну. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және келісу. Байланыс қызметтерін көрсету ережелерін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасындағы байланыс саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне қатысты есептерді, анықтамаларды, тұсаукесерлерді және басқа да құжаттарды дайындау. Басқарма құзыреті шегінде кеңестер, форумдар мен іс-шараларды ұйымдастыру. Басқарма құзыреті шегінде байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау. Басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, байланыс операторларымен, жеке және заңды тұлғалармен байланыс саласын дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Министрлік алқасының және Министрлік құрған кеңесші органдардың отырыстарына қатысу. Байланыс саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар өткізетін кеңестерге, отырыстарға, семинарларға, конференцияларға қатысу. Басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру шеңберінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерге түсіндірме беру. Заңнаманы жетілдіру мақсатында Басқарма құзыреті шеңберінде байланыс саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу. Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарының іс-шараларын орындау бойынша жұмыстарды жүргізу. Басқарма құзыретіне кіретін байланыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Телекоммуникация мәселелері бойынша іс-сапарларға қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру қажеттілігі туралы Заң департаментіне ұсыну және хабарлау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 28.09.2022
- Мәңгілік ел даңғылы, 55/14, С.2.4, 1.20 кабинет
-
+7-7172-61-32-93