ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің байланыс саласындағы жаңа технологияларды және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас сарапшысы
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
277309
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Телекоммуникациялар
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: Механика
- Білім: математика
- Білім: физика
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
KazSat сериялы байланыс және хабар тарату спутниктерін орналастыру, тағайындау мәселелері бойынша құжаттарды дайындау. Құзыреті шеңберінде комитеттің Стратегиялық және Операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмыстарды жүргізу. Радиобайланыс, реттеу және радиожиілік спектрін тиімді пайдалану мәселелері бойынша аумақтық органдармен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен, оның ішінде Халықаралық Электр байланысы одағымен және Байланыс саласындағы өңірлік достастықпен өзара іс-қимыл жасау. Радиобайланысты жоспарлау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. РЖС тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу және жұмыстар жүргізу. Өз қызметінің қажетті есебін дайындау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.08.2022
- город Нур-Султан, проспект Мангилик Ел 55/14, блок С 2.4 (посредством ZOOM-программы)
-
8(7172) 613293