ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің байланыс саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының басшысы (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде, бұл ретте, негізгі қызметкердің бір ай бұрын хабардар ете отырып, осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Телекоммуникациялар комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

436178

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Телекоммуникациялар
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Білім: математика
  • Білім: физика

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді бақылауды жүзеге асыру. Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қарау, келісу жөніндегі жұмысты бақылау. Телекоммуникация және почта байланысы саласын дамытуға байланысты құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Пошта төлемі белгілерінің мемлекеттік коллекциясын қалыптастыруға қатысу. Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почта индекстерін беру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау. Байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты құжаттардың жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету. Басқармаға келіп түскен хат-хабарларды қарау және бөлу. Басқарма құзыреті шегінде байланыс мәселелері бойынша есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттарды дайындау. Халықаралық ұйымдармен байланыс саласындағы ынтымақтастыққа (Халықаралық Электр байланысы одағы, Дүниежүзілік почта одағы, Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық және т. б.), белгіленген тәртіппен салалық реттеу шеңберінде халықаралық тәжірибені қарауға, Министрліктің алқа отырыстарына, сондай-ақ Комитеттің басшылығы өткізетін кеңестерге қатысу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.07.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.07.2022 – 29.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.08.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/14, С 2.4 блогы (ZOOM-бағдарлама арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)613293