Әкімшілік-құқықтық жұмыс басқармасының сарапшысы

Мемлекеттік орган

Телекоммуникациялар комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

215045

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқық және экономика негіздері
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Есеп және аудит
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы
  • Білім: математика
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу

Функционалды міндеттер

Ереженің жобасын қалыптастыру немесе Телекоммуникациялар комитеті мен құрылымдық бөлімшелердің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; заң жобалары мен заңға тәуелді НҚА-ны қарау; ішкі бұйрықтардың жобаларын жасау; барлық сатылардағы соттарда Комитеттің мүдделерін білдіреді, даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдейді, оның ішінде: іс материалдарымен танысады, олардан үзінді көшірмелер жасайды және көшірмелерін алады; қарсылық білдірулерді мәлімдейді; дәлелдемелер ұсынады және оларды зерттеуге қатысады.; іске қатысатын басқа тұлғаларға, куәларға, сарапшыларға және мамандарға сұрақтар қояды; өтінішхаттарды, оның ішінде дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаттарды мәлімдейді, сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер береді; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіреді; іске қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттары мен дәлелдемелеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертулер беруге; соттың шешімдеріне, ұйғарымдары мен қаулыларына; Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасында берілген басқа да процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінде құжат айналымын жүргізу. Кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу. Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының тізілімін, сондай-ақ жыл сайынғы демалыс кестесін жасау және оның сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу бойынша комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Дипломнан кейінгі практикадан өту бойынша жұмысты ұйымдастыру ("Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы"бағдарламасы бойынша). Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды, қызметкерлердің біліктілік талаптарын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Комитет басқармаларының жұмысына талдау жүргізу. Қызметкерлер қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау, Комитет және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің бағалау парақтарын жинауды және тексеруді жүзеге асыру. Арнайы тексеру жүргізу үшін қызметкерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сұрау салу жіберу. Жеке істерді, еңбек кітапшаларын және қызметтік тізімдерді және басқаларды жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.05.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.05.2022 – 06.06.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.06.2022

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

87027052275