Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының бас маманы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласы және Алматы, Жетісу облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясы

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Функционалды міндеттер

Байланыс салаларындағы және радиожиілік спектрін пайдалануда заңды және жеке тұлғалардың қызметіне мемлекеттік техникалық бақылауды қамтамасыз ету, радиожиілік спектрді бөлу және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру, радиожиілік спектрдің пайдалануын жоспарлау және оның тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, радиомониторинг пен радиобақылау жоспарын әзірлеу, пошталық байланыс немесе телекоммуникация жүйесі мен құралдары, оларды пайдалану барысында Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес техникалық нормаларға сәйкестігін тексеру.

 Алматы қаласы және Алматы облысы аумағында барлық байланыс түрлерін пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу кезінде құқыққорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірігіп жұмыс істеу, сондай-ақ заңсыз жұмыс істейтін радиоэлектронды құралдарды анықтау және тоқтату, белгіленген мерзімдерде құзіретті органдарға тиісті есеп беру, байланыс саласындағы заңнамаларға байланысты сұрақтар бойынша субъектілерге консультациялық көмек корсету, сотқа шағымдар дайындау және оның қаралуына қатысу, жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкiмшiлiк іс жүргізуінді қозғау, ұйғарымдарды шығару. Өз құзіреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.

Радиожиілік спектрін тиімді пайдалану және РЭҚ мен ЖЖҚ-дың кедергісіз жұмыс істеу бағытындағы қызметтерді жүзеге асыру, өз құзіреті шегінде радиоэлектрондық құралдар мен жоғарыжиілікті құрылғылармен радиобақылауға және радиотаратуға жасалатын кедергілер туралы шағымдарды қарау және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қолдану туралы шешім қабылдау, радиобақылауды жүзеге асыру,   әуесқойлық диапазонды РЭҚ тіркеу, есепке алу істерін жүргізу. РЖС пайдалануға мемлекеттік бюджетке ақы төлеуге хабарламаны қою. Инспекция басшылығымен айқындалатын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.10.2021 – 28.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.11.2021

Сұхбаттасу орны

Онлайн через программу Zoom

Анықтама алу үшін байланыс

87027052275