Қаржы басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Телекоммуникациялар комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Мемориалдық ордерлерді жасау, шоттар бойынша айналым ведомостарын тексеру және тарату. Ұсынылған шоттарды, орындалған жұмыстар актілерін және жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуларды тексеру және тарату. Есеп беретін тұлғалармен өзара есеп айырысуды бақылауды жүзеге асыру, басқа кредиторлармен және дебиторлармен аванстық есептерді тексеру; көрсетілген қызметтер актілері бойынша жеткізушілермен жұмысты жүзеге асыру және өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін жасау. № 6 мемориалдық ордерді жүргізу. Бухгалтерлік баланстың тоқсандық және жылдық есептерін жасауға қатысу; мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау жөніндегі есептерді ұсынады. Құзыреттілік мәселелері бойынша хаттарды, ақпараттар мен есептерді орындау. Есепке алу-бухгалтерлік ақпараттың дұрыстығын растайтын бастапқы құжаттарға дейін қадағалау және бухгалтерлік тіркелімдерге және қаржылық есептілікке енгізу жолымен бақылау. Қазынашылықпен Банк жұмысын жүзеге асыру, төлем шоттарын қалыптастыру, төлем шоттарының тізілімдерімен жұмыс істеу, міндеттемелерді тіркеуге өтінімдер.  Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Мемлекеттік мекеменің төлемдері мен міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарын әзірлеу; төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы өтінімдерді құру; төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімдерді қалыптастыру; іске асырылатын бағдарламалар бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық талдамалық есепті қалыптастыруға қатысу; қаражатты игеру бойынша ай сайынғы есептерді қалыптастыру; қажетті есептер мен оларға түсіндірме жазбаларды қоса бере отырып, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді жасау және ұсыну; уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну үшін есептік деректерді дайындау, бюджеттік қаражатты игеру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру, өзгертілетін бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты қалдықтарының болуын тексеру.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.05.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.05.2021 – 03.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.06.2021

Сұхбаттасу орны

ZOOM бағдарламасы арқылы қашықтықтан

Анықтама алу үшін байланыс

74-26-25

8 702 705 22 75